ЕрекшеҚоғам

Биволдың әйелі қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді: Қырғызстан ІІМ тексеріс бастады

Қырғызстан ІІМ қырғыздар мен қазақтарды қорлайтын пікір айтқаны үшін боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайының үстінен алдын ала тергеу бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан ІІМ мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын, мұндай сөздер ұлтаралық құрмет пен төзім қағидаттарына қайшы келетінін ерекше атап өтті. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір азамат адамгершілік пен құқық нормаларын сақтап, өшпенділік пен алауыздықты қоздыруға жол бермеуі тиіс екені айтылды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Қырғызстан азаматтары Екатерина Биволды қырғыз халқына тіл тигізгені үшін жауапқа тартуды талап еткен. Мұндай үндеулер әлеуметтік желілерде жиі тарады. Қырғызстан адвокаты Шердор Абдыкапаровтың айтуынша, әйелдің мұндай мәлімдемелері халықтар арасындағы өшпенділікті қоздырады.

Айта кетейік, бұған дейін Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген. Тағы бір сөзінде қырғыз азаматтары Ресейде тауар жеткізуші болып қызмет етіп жүргенін кекетіп, заң күшейіп жатқандықтан оларға “сақ болыңдар” деген.

Back to top button