Ерекше

Бельгиялық журналист Қазақстандағы туризм елшісі атанды

“ҚР туризм елшісі” атағын бельгиялық журналист Дерья Сойсалға Бельгиядағы Қазақстан елшісі Роман Василенко табыстады, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ЖУРНАЛИСТІҢ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ ӘСЕРІ

Аталған ақпаратпен мұның алдында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы өкілдері бөлісті. Анықталғандай, медиа өкілі халықаралық басылымдармен тұрақты байланыс орнатып, еуропалық оқырмандарды Қазақстанмен таныстырып келеді.

«Қазақстан маған бірыңғай оң әсер қалдырды. Табиғаты әсем, халқы қонақжай  және дамуға деген ұмтылысы таңғалдырды. Еуропада осы ел туралы көбірек білсе екен деймін», – деді бельгиялық журналист.

Kazakh Tourism хабарламасында атап өтілгендей, «ҚР туризм елшісі» бағдарламасы 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Мақсаты сол,  Қазақстанды халықаралық деңгейде туристік бағыт ретінде кеңінен таныту. Бағдарламаға әртүрлі елдің туризм, мәдениет, білім, медиа және цифрлық сала өкілдері қосылып келеді.
Бұған дейін бұл құрметті атақ Димаш Құдайбергенге, жапон блогері Юдзи Натсумаға және Қытайлық инфлюенсер Таотаоға табысталған болатын.

Back to top button