ЕрекшеҚоғам

Белгілі адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыру мәселесі сотта қаралады

Әділет министрлігі белгілі адвокат Мұрат Адамға қарсы сот процесін бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әділет министрлігі белгілі адвокат Мұрат Адамға қарсы сот процесін бастады. Адвокаттың айтуынша, талап арызға ІІМ ұсынымы негіз болған. Бұл ұсыным заңгердің Orda.kz порталының экс-бас редакторы Гүлнар Бажкенованы қорғау жөніндегі кәсіби қызметіне байланысты түскен.

Сот талқылауы 2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 11:30-да Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында белгіленген

Мұрат Адам қоғамда резонанс туғызған бірнеше істің бел ортасында жүрген. Orda.kz ісінен бөлек, азаматтық белсенділерді қорғау, азаптау ісіне қатысты процестерге араласқан. Әділетсіз деп есептеген істерге қоғам назарын аударту үшін әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, айыптаудың дәлелдемелік базасындағы олқылықтарды ашық көрсеткен кездері бар

Back to top button