ЕрекшеЖаңалықтар

Бектенов министрлерге: Жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар

Үкімет басшысы 2026 жылғы жұмысты кабмин мүшелеріне ескертумен бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкіметтің бүгінгі отырысын Олжас Бектеновтің өзі ашып, президент тапсырмалары жайлы баяндама жасады. Бюджет қаражаты тиімді жұмсалуы керектігін айтып, орынбасарлары мен министрлерге тапсырма берді.

«Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық кмопаниялар Президент тапсырмаларын табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салып, жұмыс істеуі керек. Сөзден іске кірісу керек. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Есеп беру, презентация жасау – оның бәрін доғарыңыздар, нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Осылай жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз. Орынбасарларыма Президент тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіруге шақырамын», – деді ол.

Мемлекет басшысы 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі. Бектенов осыған орай біздің басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін экономиканың барлық салаларында серпінді технологияларды енгізу деді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button