ЕрекшеҚоғам

Базарбектің бастамасымен прокурорлар Қапшағайдағы жерлерді мемлекетке қайтару үшін арыз түсірді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қапшағай мен Іледегі жерлерді тексерудің алғашқы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Базарбектің жазуынша, Алматы облысының прокуратурасы Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймақтарында орналасқан 82 жер учаскесінің бөлініп кету фактілеріне байланысты өз бастамаммен жүргізілген тексеру жөнінде өзіне ресми жазбаша жауап келгенін хабарлайды.

“Кадастрлық нөмірлері №03-055-006-328 және №03-055-247-366 болатын екі жер учаскесі бойынша заңбұзушылықтар анықталып, сотқа оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыз берілді. Ал кадастрлық нөмірлері №03-055-035-008 және №03-055-035-002 учаскелеріне қатысты сотқа талап арыз әзірленіп жатыр. Қалған жер учаскелері бойынша, олардың шекаралары Капчагай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймақтарымен қабаттасып жатқандықтан, прокуратура мен уәкілетті органдардың (ДУЗР және БАБИ) тексерісі жалғасуда. 82 жер учаскесін тексеру барысын мен жеке бақылауыма алдым. Нәтижелерін Мәжіліс Парламентінің пленарлық отырысында депутаттық сауал арқылы және БАҚ-та жариялауды жоспарлап отырмын!” – дейді ол.

Депутат бұған дейін Алматының Бостандық ауданы Ерменсай ықшамауданындағы «Жаңару» тұтыну кооперативінде заңсыз салынған көпқабатты таунхаус тұрғын үйі сот шешімімен бұзылатынын бұған дейін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жер учаскесінің меншік иесі шаруа қожалығын жүргізу және бау-бақша өсіру мақсатында берілген жерге екі қабатты таунхаус салып, заңды бұзған. Сот шешіміне сәйкес, бұл нысандарды мәжбүрлеп сүруге тура келген. Сүру барысында меншік иесі өзін-өзі өртемек болып, мемлекеттік сот орындаушысын итеріп, арандатар әрекеттерге барған.

Back to top button