Ерекше

Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс долларды күрт арзандатты

Kurs.kz дерегінше, Алматы мен Астанадағы бағада бір теңге айырмашылық бар, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі саудасы қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 512,53 теңгені құрап, 4,25 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы – 516,86 теңге.
Kurs.kz дерегінше, бүгінде Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа доллар бағамы мынадай:

Алматыдағы айырбастау пункттері:

  • сатып алу – 511,35 теңге,
  •  сату – 514,36 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттері:

  • сатып алу – орташа 510,38 теңге,
  •  сату – 517,38 теңге.

Еске сала кетсек, 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгей, яғни 18 пайыз көлемінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің неге нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ішкі нарықтағы белсенділіктің артуы мен базалық мөлшерлеменің 18 пайызға дейін көтерілуінен кейін елге ірі портфельдік инвестициялардың келуімен байланысты.

Back to top button