Ерекше

Баспана бағасы қымбаттай ма – министр жауап берді

Үкіметте өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа жаңа Салық кодексі күшіне енген соң баспана бағасының қымбаттауы мүмкін бе, жоқ па деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, ведомство жеке құрылыс компанияларының тұрғын үй бағасына тікелей ықпал ете алмайды.

Бұл – нарық заңдылықтары. Егер сұраныс болса, онда бағаға да сол нарық реттеушілері әсер етеді, тиісінше құбылу болады. Ал сұраныс төмендесе, баға да өзгеріске ұшырайды, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Сонымен бірге, министр қазір тұрғын үй нарығында ажиотаждық сұраныс байқалып жатқанын атап өтті.

Қазір нарықта белгілі бір компаниялар өз пәтерлерін тезірек сатуға мүдделі болып, дүрбелең туындатып отырғаны сезіледі. Сол себепті халық арасында «жылдам сатып алу керек» деген түсінік қалыптасады. Менің ойымша, нарық дәл осы жоғары сұраныстың артуынан «қызып» тұр. Ал сіздер айтқандай, бағалар 30% өседі дегенге ешбір негіз көріп тұрған жоқпын, – деді министр.

Back to top button