ЕрекшеЭксклюзив

Аукционда Мәсімовтің үйінен тәркіленген заттар 10 млн теңгеге сатылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылы 15 тамызда электрондық E-Qazyna платформасында өткен аукциондық сауданың сәтті аяқталғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Сауда қорытындысы бойынша 43 бірлік мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да активтер, жалпы 10 млн теңгеден астам сомаға сатылған. Бастапқы бағасы – 7 млн теңге. Лоттардың құнының өсуі қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен бәсекелестік сипаттағы сауданы көрсетеді.

АУКЦИОН ҚАЛАЙ ӨТКІЗІЛЕДІ

Аукцион ашық әрі әділ өткізу қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылды, бұл барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіпке сәйкес, сауда аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаздар мен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады. Активтер тек қаражат толық көлемде сатушының шотына түскеннен кейін ғана беріледі.

ҚАРАЖАТ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

Сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады. Бұл қаражат білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдауға бағытталады.

Мәсімовтің өзінің үйі әлі сатылған жоқ.

Back to top button