Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Атырау облысы бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисенді ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
БІРДЕН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 33 жастағы орынбасары Талғат Бисенді ұстады, – делінген хабарламада.
“Ақ Жайық” басылымының мәліметінше, 33 жастағы шенеунік кеше облыс әкімдігінің ғимаратында ұсталған. Ол Құрманғазы ауданындағы іс-сапардан оралған соң бірден қамауға алынды.