Тергеу

Атыраудағы жол апатынан екі сәби көз жұмды

26 наурыз күні күндіз Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ірі жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Atyrauoil.official басылымы мәліметінше, елдімекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Апат салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

“26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп хабарлады полиция.

Back to top button