Оқиға
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтады
Оқиға 28 наурыз күні теміржол вокзалы аумағында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау қаласында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, жүргізуші ер адамды пышақтап жіберген. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.
Оқиға 28 наурыз күні теміржол вокзалы аумағында болған. Екі азаматтың арасында алдымен сөзге келмей, артынша төбелеске ұласқан. Соның барысында такси жүргізушісі жолаушыға пышақ жарақатын салды. Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жүгінген.
Аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция ақпаратында.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.