ЕрекшеОқиға

Астанадағы «Мирас» мектебінің 8 оқушысы астан уланды: олардың жағдайы қалай

Астанадағы «Мирас» халықаралық мектебінің 8 оқушысы астан уланған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұқамғали Арысбаев хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Халықаралық “Мирас” мектебінде 30 қаңтарда жоғарыда аталған жағдай тіркелген. 8 баланың ата-анасы жедел жәрдем стансасына хабарласқан. Алты балаға жедел ішек ауруы диагнозы қойылған. Ал екі баладан асқазанындағы кемшіліктеріне байланысты функционалды бұзылыс деген диагноз анықталған.

“Болған оқиғаны 30 қаңтардағы түскі ас мәзірімен байланыстырып отырмыз. Балалардың жасы 5-6 жасындағы балалар. Сыныпта 16 бала оқиды. Тек сегіз бала ауырған. Балалардың бәрінің жағдайы қазір бақылауда. Олар үйлерінде ем алып жатыр. Сондықтан, “Мирас” мектебі бойынша жоспардан тыс тексеріс басталды. Мектеп санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны 2007 жылы алған болатын. Мектепте ас мәзіріне жауапты адам қорытындыны 2026 жылдың 19 қаңтарында алған. Қазір санитар мамандар асханаға тексеру жүргізіп, шаралар қабылдағалы жатыр”, – дейді Мұқамғали Арысбаев.

Оқиға жайлы

Аталған оқиға жайлы бірнеше күн бұрын журналист Михаил Козачков жазған еді. Ол таратқан мәліметте, кешқұрым балалар іші ауыра бастағанын айтып шағымданғаны, артынша ата-аналар алаңдап, медицина мекемелеріне қоңырау шалғаны хабарланған. 

 

Back to top button