ЕрекшеЖаңалықтар
Астанадағы көлік картасын тапсыратын касса адамға лық толды
Астанада қыркүйек басталғанда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге көлік картасын тапсыратын мамандандырылған орталық касса адамға лық толды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кассаға келген адамдардың бәрі де көлік картасын алғысы келеді. Алайда талон алғанымен “алдымызда 100 адам бар” деп шағымданады олар. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге көлік картасын алу үшін баланың 3/4 фотосуреті, жеке куәлігі мен 1200 теңге керек.
Көлік карталарын сату мен толтыру бойынша мамандандырылған касса сонымен бірге, Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1, Сапаржай автовокзалы (Гете 5) мекенжайында бар. Алайда жеңілдетілген картаны шығару үшін Қошқарбаевтағы кассаға бару керек.