Астанадағы ақылы автотұрақтардан сағатына емес, минутына ақы алына бастайды
Астана қаласы аумағындағы коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркиң) пайдалану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы әзірленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жоба бойынша аталған ережелерде минуттық төлем қарастырылған. Ұсынылған өзгерістер «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартын бұзу рәсімі аяқталғаннан кейін енгізіледі.
Стационарлы фото-видеофиксация жүйесін әкімдік инфрақұрылымы мүмкіндік беретін белгілі бір ашық автотұрақтарға енгізуді көздейді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мәселесіне қатысты қазір шлагбаумы бар алаңдық типтегі автотұраққа алдын ала сағатына 300 теңге, ал ашық типтегі (кедергісіз) автотұраққа сағатына 100 теңге тарифі қарастырылып жатыр. Ал жекеменшік автотұрақтарда сағаттық ақы 300 теңгеден 5 000 теңгеге дейін өзгеріп отырады.