ЕрекшеЖаңалықтар

Астанада жұмыс кестесін өзгерткелі кейбір көшеде көлік кептелісі күшейді

Биыл 15 қыркүйектен бастап Астанада бірнеше мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдардың жұмыс уақыты өзгерген. Алайда бұл өзгеріс керісінше, елордада кейбір көшеде көлік кептелісін күшейтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл жаңашылдық қаланың орталық бөлігіндегі жол кептелістерін азайту мақсатында енгізілген. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер таңғы сағат  07:30-да, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысын 07:30–08:00 аралығында жұмысқа кіріседі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік нысандардың жұмысы ауысқан жоқ. Яғни, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар, емханалар, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы жұмыс кестесімен қызмет ете береді.

БАҚ-қа берген сұхбатында бұған дейін қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мирас Әбдірахман жалпы алғанда, 25 мыңға жуық жұмыскерлердің жұмыс уақыты ауысқан.

Сарыарқа көшесінде тұратын астаналық Тасқын Болатұлы бүгін таңертең күнде көрмейтін көлік көрмейтін көлік кептелісіне бүгін куә болғанын айтады.

«Кептеліс азаяды деп еді. Азайған түрі осы ма? Мына көшеден бұрын мұндай кептеліс көрген емеспін», – дейді ол Кеңесары көшесімен кетіп бара жатып.

Тасқын өзі жүретін көшеде көлік қаптап кеткеннен кейін жұмысына автобуспен баруға мәжбүр болған.

Back to top button