ЕрекшеЖаңалықтар

Астанада соғысты қолдайтын ресейлік Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды

Қараша айындағы концерт жайлы хабарландырудан кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншіге қатаң сын айтқан, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы BES.media-ға сілтеме жасап.

Ресейлік әнші Полина Гагаринаның 27 қарашада Астанада өтуі жоспарланған концерті ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы қала мәдениет басқармасы ресми сауалға берген жауабында хабарлады. Әкімдік мәліметінше, E-otinish жүйесі арқылы шамамен 14 өтініш түсіп, концертті өткізуді тоқтату талап етілген. Концерт «күтпеген жағдайларға байланысты» болмайды.

«Жұлдыздар фабрикасы-2» байқауының жеңімпазы, 2015 жылғы «Евровидение» ән байқауында екінші орын иеленген ресейлік әнші әрі актриса Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын ашық қолдаған. Бұған дейін оның концерті Алматыда да тоқтатылған болатын.

Back to top button