Астанада мемлекет қаржысын иемденді деген ЖШС басшысына үкім шықты

Елордада көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын иемденіп және оны жұмсау ісі бойынша «Дорстройтрест» ЖШС басшысына үкім шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz АФМ Channel-ге сілтеме жасап.
ТАРАПТАР КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСҚАН
Тергеудің Астана қалалық Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.
Еске сала кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу жөнінде келісімшарт жасалған. Келісім аясында мердігер компанияға 2,6 миллиард теңге көлемінде аванс төленген.
Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған әрі көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, алдын ала төлемнің бір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөліктер сатып алуға жұмсалған.
СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ
Бұған қоса, 650 миллион теңге жалған келісімшарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сот үкімімен Нұрабаев кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.
Осы іске қатысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.