Без рубрикиЕрекше
Астанада балаларды құтқармақ болған фельдшер көз жұмды

Астанада тұрғын үйдің қаптамасы құлап, содан зардап шеккендерге көмектескенде өз басына кондиционер құлаған фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әлия Рүстемованың айтуынша, фельдшер Ұлдана өз ісіне адал, батыл, жанашыр, нағыз кәсіби маман болған. Ол соңғы сәтіне дейін адамдарға көмек көрсетуін жалғастырған.
“Біз 18 қараша күні кәсіби міндетін атқару барысында ауыр жарақат алған әріптесіміз — фельдшердің қайтыс болғанын зор күйзеліспен хабарлаймыз. 8 қарашадан бастап дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, жағдайын тұрақтандыру үшін барын салды. Алайда, өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады”, – деді Әлия Рүстемова.