Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар баланың үстіне құлады: екеуі де көз жұмды
Астанада тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған 27 жастағы әйел төменде тұрған бала арбасына құлаған. Салдарынан екі жасар бала мен әйел қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әйел 15-қабаттан құлаған
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден құлаған. Ол төменде тұрған, ішінде екі жасар бала болған балалар арбасына түскен.
Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында қаза болған. Әйел де алған жарақаттарынан көз жұмды.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.