ЕрекшеЖаңалықтар

Астанада 6 мыңнан астам адам самокат тебу тәртібін бұзған. Полиция бақылауды күшейтті

Астана қаласының полициясы маусым басталғалы бері 6 217 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

НЕ БОЛДЫ

Астана полициясы электросамокаттармен жүру мәдениетін күшейтуге кірісті. Бұл шешім Мемлекет басшысының жүргізу тәртібіне назар аудару туралы тапсырмасынан кейін қабылданған.
9 қыркүйекте әлеуметтік желілерде көшеге ретсіз тасталған кикшерингтік самокаттардың эвакуацияланып жатқан видеолары тарады. Қоғамдық резонанс тудырған кадрларда тәртіп сақшылары самокаттарды арнайы тұрақтарға жеткізіп жатқаны көрінеді.

ПОЛИЦИЯ БЕРГЕН АҚПАРАТ

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жаяу жүргіншілерге, балалар арбаларына кедергі келтіретін, сондай-ақ газондарда қойылған электросамокаттар тәркіленіп, эвакуацияға жіберіледі.

  1. Маусым көлемінде – 6 217 адамға айыппұл салынды;
  2.  Шамамен 2 мың самокат арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

МҰНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Қазақстан тұрғындары жалға берілетін электросамокаттарды қала көшелерінде ретсіз орналастыру мен олардың қауіпсіздігіне байланысты петиция жариялаған болатын. Қоғам наразылығы күн санап артып келеді.
Президент самокаттарды заңмен реттеуді жедел қолға алуды тапсырды. Себебі қалада қозғалыс ережелерін елемейтін самокат жүргізушілеріне шағымдар көбейген.

Back to top button