ЕрекшеЖаңалықтарОқиға
Астана маңында жеке ұшақ құлап, ішіндегі адамдар көз жұмды

Ақмола облысында жеке ұшақ құлап, ішіндегі екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.
17 тамыз 2025 жыл, Ақмола облысы. Ақмола өңірінде Aerostar R40F маркалы UP-LA229 борттық нөмірлі жеңіл әуе кемесі апатқа ұшыраған. Ақпаратты көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жалпы авиация бағыты бойынша ұшу кезінде авиациялық оқиға орын алды. Авиациялық апаттарды тергеу ережелеріне сәйкес арнайы комиссия құрылды», – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Министрлік оқиғаның өртсіз өткенін нақтылады.
Қазір көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергейтін департаментінің қызметкерлері апат орнына жіберілген.