Ерекше

“Астана” футбол клубы жекеменшікке өтеді

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың хабарлауынша, «Астана» футбол клубы жекеменшікке өтеді, инвестор дайын, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Министр алдымен аталған футбол клубының отандық футбол тарихында өзіндік орны бар екенін алға тартты.

Ол бұрыннан белгілі биіктерге жеткен. Бұрын бәрі Sport Qory біріккен операторы арқылы қаржыландырылып келді. Ал биыл біз клубты коммерцияландыруды жоспарлап отырмыз, өйткені клубтың халықаралық танымалдығы да бар. (…) Біз белсенді жұмыс жасап жатырмыз, инвестор бар. Қазіргі сәтте рәсімдер аяқталмай тұрып нақты айта алмаймын, бірақ инвестор бар, – деді Мырзабосынов сейсенбіде Үкіметте өткен брифингте.

Министр елдегі бес футбол клубы бұрыннан коммерцияланғанын, қалған жетеуі бойынша жұмыс жүріп жатқанын еске салды.

Біз ұжымды қамтамасыз ете алатындерді іздеп жатырмыз, – деді спорт министрі.

Back to top button