ЕрекшеЖаңалықтар
Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Соңғы тағайындауына дейін Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университеті бастығының оқу жұмысына жауапты бірінші орынбасары қызметін атқарып, оқу-әдістемелік басқармаға жетекшілік етті. Ол философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне және генерал-майор әскери атағына ие. Кейін осы университетті басқарған.