ЕрекшеҚоғам

«Арандатуға ермеңіздер»: Сәпиевпен жаға жыртысқан Есімханов алғаш үн қатты

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов әлеуметтік желіде шағын жазба қалдырып, Серік Сәпиевтің мәлімдемесі “өтірік” екенін жеткізді, деп жазады Tizgin.kz.

“Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын”, – дейді Есімханов.

Сәпиевті орынбасары ұрып кеткенін бұған дейін БАҚ жазған еді. Тараған ақпараттарға қарағанда, ол орынбасарымен төбелескен.

Қарағанды облысының полиция департаменті Tizgin.kz порталына Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

Сол күні кешке Сәпиев әлеуметтік желідегі төбелес жайлы шудан кейін үн қатып, арандатушыларға ермейтінін мәлімдеді. Артынша “облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым” деген. 

Back to top button