ЕрекшеОқиға

Ақтау қаласының прокуроры ұсталды

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты сейсенбі күні жағдайдан хабардар дереккөз растаған.

“Ақ Жайық” басылымының нақтылауынша, прокурордың ұсталуына ішіп алып жасаған бұзақылық себеп болған.

Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіровті Алматы әуежайында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ұстады. Оқиға ол Астанадан ұшып келген соң, еңбек демалысы кезінде болған, – делінген хабарламада.

Таралған ақпаратқа сәйкес, Ерболат Әбдіровке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің: 440-бабының 1-бөлігі – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде жүру; 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, азаматтарды қорлау, қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Back to top button