ЕрекшеОқиға

Ақтау прокуроры Алматы әуежайындағы жанжал үшін айыппұл төлеуі тиіс

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот істі жауып, құқықбұзушылық құрамы жоқ деп шешкен еді. Алайда аталған шешімге Әуежай көлік прокуратурасы апелляциялық шағым түсірді.

Апелляция не шешті? Ерболат Әбдіров ақыры жауапқа тартылды.

Сот мәліметінше, 27 тамызға қараған түні Алматы әуежайы аумағындағы автобустың ішінде прокурор жолаушыларға тиіскен және қоғамдық тәртіпті бұзған. Кінәсі куәгерлердің айтқаны және полиция ұсынған материалдармен расталды.

Нәтижесінде, Әбдіровке 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокурор төңірегіндегі дау-дамай әлеуметтік желілер мен БАҚ-та оның «мас күйінде жанжал шығарғаны» туралы хабар тарағаннан кейін өрши түсті. Маңғыстау облыстық прокуратурасы бұған байланысты қызметтік тексеру тағайындаған. Тексеріс кезінде Ерболат Әбдіров қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

Өз кезегінде, прокурор тағылған айып шындыққа жанаспайтынын, әрі оқиғаның мән-жайы әсіреленіп көрсетілді деп мәлімдеген.

Back to top button