
Tizgin.kz порталының тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Ақпаровадан мектеп директорларының мәртебесі жөнінде сұрақ қойды.
ДИРЕКТОРЛАР НЕГЕ ШАҒЫМДАНАДЫ
Tizgin.kz порталына бұған дейін анонимді түрде мектеп директоры хабарласқан еді. Ол жалпы мектеп директорларының статусы төмендеп кеткенін, ақшасы аз әрі жауапкершілігі соған сай емес екенін баян еткен.
МИНИСТРЛІКТІҢ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ
Шынар Ақпарованың айтуынша, директорлар да заңға сәйкес, педагог лауазымына жатады. Сөзінше, Педагог мәртебесі туралы заңда мектеп директорларының да құқықтары мен міндеттері айқын жазылған.
“Біріншіден, директорлардың жалақысы қарастырылып жатыр (?) Екіншіден, директорлардың өзінің басқа лауазымы бойынша төлемақыдан басқа, басшы ретінде біліктілік санатын көтере алады. Сонымен қатар, педагог ретінде беретін пәні бойынша санатын көтереді. Ол үшін қосымша ақы қарастырылған. Қосымша 8 сағат беріледі. Басшы ретінде оның әртүрлі біліктілігіне байланысты қосымша ақы төленеді”, – дейді ол.