ЕрекшеЖаңалықтар

АҚШ-та рекордтық ұзаққа созылған шатдаун аяқталды

АҚШ-та 43 күнге созылған рекордтық шатдаун аяқталды

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын қайта қаржыландыру туралы заңға қол қойды. Бұған дейін шатдаунды тоқтатуға мүмкіндік берген заң жобасын Конгрестің екі палатасы да мақұлдаған еді.

13 қарашаға қараған түні Трамп федералдық үкіметтің жұмысын 30 қаңтарға дейін ұзартатын құжатқа қол қойып, осылайша ел тарихындағы ең ұзақ қабылданбау кезеңіне нүкте қойды.

Алдыңғы күні құжат заң жобасы ретінде Өкілдер палатасында қаралып, 222 депутат қолдап, 209-ы қарсы дауыс берді. 11 қарашада Сенат та шатдаунды тоқтататын құжатты мақұлдаған болатын.

Бюджеттік дағдарыс келісіммен шешілді

Бұл жолғы шатдаун 43 күнге созылды — бұл АҚШ тарихында болмаған рекорд. Республикалықтар мен демократтар федералдық бюджет бойынша мәмілеге келе алмағандықтан, шамамен 750 мың федералдық қызметкер жалақысыз мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Тек әуе қозғалысын басқару қызметі, полиция, шекара күзеті және жедел медициналық жәрдем сияқты өмірді қамтамасыз ететін құрылымдар қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.

Axios мәліметінше, шатдаун салдарынан АҚШ-тың НАТО одақтастарына жіберілетін жалпы құны 5 млрд доллардан асатын қару-жарақ жеткізілімі кешіктірілген.

Қос партия келіскен мәміле

Республикалықтар мен демократтар қол жеткізген негізгі келісім — медициналық сақтандыру саласындағы салықтық жеңілдіктерді сақтау жөніндегі мәміле. Сондай-ақ шатдаун кезінде жұмыстан шеттетілген барлық федералдық қызметкер қайта жұмысқа алынып, оларға жиналған жалақы қарызы толық өтелмек.

Back to top button