Apple жаңа iPhone 17 таныстырды: ол несімен ерекше

iPhone 17-мен бірге аударма функциясы бар құлаққаптар мен қан қысымын өлшейтін сағаттар таныстырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Apple iPhone 17, ультражұқа Air және ең үлкен батареясы бар жаңа Pro моделін ұсынды. Қыркүйектегі таныстырылымда компания iPhone 17 мен оның жұқартылған нұсқасы – iPhone 17 Air-ды шығарғанын жариялады. Трансляция Apple-дің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жүргізілді.
iPhone 17 A19 чипімен жұмыс істейді, онда 6 ядролы процессор мен 5 ядролы графика бар. Apple мәліметінше, смартфон алдыңғы модельге қарағанда сегіз сағатқа ұзақ заряд ұстайды және Qi2 жеделдетілген сымсыз қуаттауды қолдайды. iPhone 17 Air – «әуе» нұсқасы, яғни ең жұқа модель.
iPhone 17 Pro жаңа алюминий корпусты және iPhone тарихындағы ең сыйымды батареяны алды. Құрылғыда булық камераға негізделген салқындату жүйесі бар. Смартфон жетілдірілген A19 Pro процессорымен жұмыс істейді.
AirPods Pro 3
Құлаққаптар ықшамдала түсті, «керемет» шу басу функциясын, бірнеше тілді бір мезетте аударатын мүмкіндік пен жүрек соғу жиілігін өлшейтін датчикті иеленді. Бағасы – 249 доллар.
Apple Watch 11
Сыртқы пішіні айтарлықтай өзгерген жоқ, алайда енді батареясы ұзақ жұмыс істейді, қан қысымын өлшей алады және ұйқыны бақылау мүмкіндігі кеңейтілді. Бағасы – 399 доллар.
Apple Watch Ultra 3
Құрылғы жіңішке жақтаулармен, Always-On Display функциясымен және 48 сағатқа жететін батареямен жабдықталған. Бағасы – 699 доллар.