ЕрекшеЖаңалықтар
Антикордың бұрынғы бастығы Қайрат Қожамжаровқа қарсы іс қозғалды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қарсы тергеуді бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Прокуратура мәліметінше, оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған.