Ерекше

Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ жолаушысы көз жұмды

Ақтөбеден Алматыға бағыт алған ұшақ борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы кенеттен нашарлауына байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды Tizgin.kz ru.sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Компания таратқан ақпаратқа сенсек, DV712 Ақтөбе-Алматы рейсін орындау кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлады.

Экипаж дереу медициналық хабарлауды бастап, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті, – деп хабарлады әуе компаниясындағылар.

Борттағы медициналық дайындығы бар жолаушы, яғни кардиолог дәрігер бірден қолұшын беруге ұмтылды.

Әуе кемесінің командирі жылдам шешім қабылдап, ұшақты әуелгі әуежайға қайтаруды және барынша жылдам қонуын қамтамасыз етті, – деді компания өкілдері.

Аман-есен қонған соң жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Back to top button