TOP-2Жаңалықтар

Алматыдағы үш кісінің өлімі: полицейлер қызметтік тексеріске ілінді

Алматыда үш адамның өліміне апарып соққан жол-көлік оқиғасынан кейін полицияның өз ішінде қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Іске нақты құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, ең қатаң шаралар қабылданады», – деді қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдолдинов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш адамның өмірін қиған ауыр жол апаты болған еді. Тараған мәліметтерге сәйкес, оқиға алдында көше жарысы болған, оған кей деректер бойынша кәсіпкер қатысқан. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Резонанстан кейін, 26 наурызда полиция түнгі жарыстарға қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді. Сол күні мәжіліс депутаты Мұрат Абенов Алматыдағы өлімге әкелген жарысқа жоғары лауазымды полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып, күдігін бейнежазбамен бірге жариялап отыр.

Back to top button