
Алматыда 30 қыркүйек күні Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен «Реал» командалары арасындағы футбол матчы қарсаңында қаладағы үш орталық көшенің бірқатар бөлігі жабылады. Бұл жөнінде мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Сағат 16:00-ден бастап қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:
-
Абай даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
-
Сәтпаев даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
-
Байтұрсынов көшесі – Тимирязев көшесінен Шевченко көшесіне дейін.
«Полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген департамент хабарламасында.
Матч сағат 21:45-те басталады. Жанкүйерлер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылған.