Жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Алматыда 9 қазанда жоғалып кеткен 1984 жылғы Давид Давидович Лебанидзенің денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері ақпарат таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Давид Лебанидзе 9 қазан күні кешке Алматының Бостандық ауданындағы Балбөбек көшесінде орналасқан үйінен шығып, қайта оралмаған.

Іздеу туралы хабарламада оның үстінде қара джинсы күрте, сұр шалбар және қоңыр мокасин болғаны көрсетілген. Өзімен бірге шағын қол сөмкесін алып шыққан.

Мәйіті 16 қазанда табылған

LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, ер адам 16 қазанда өлі табылған.

Оның қай жерден және қандай жағдайда табылғаны туралы қосымша ақпарат берілмеген. Өлімінің себебі де әзірге белгісіз.

Back to top button