Алматыда ВИЧ жұқтырған күйде қыз зорлаған адамға үкім шықты
Алматыда адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған ер адам 13 жасар қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ
Адвокат Ләззат Рақышева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін сот процесі өткенін, аталған іс бойынша 42 жастағы ер адам 13 жасар жасөспірім қызды зорлағанын жазды.
Сонымен қатар, айыпталушының бойында ВИЧ инфекциясы бар екені анықталды. Сот үкімі жарияланып, қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, – деді ол әлеуметтік желіде парақшасында.
СОТ ҚАУЛЫСЫ
Бұдан бөлек, сот екі жеке қаулы шығарды.
Бірінші шешім сотталушының өзінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаған қасақана әрекеттеріне байланысты қабылданды.
Екінші шешім жәбірленушінің айғақтарына әсер етпек болған екі адвокатқа қатысты шығарылды.