Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, сегіз адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
ҚАРСЫ ЖОЛАҚҚА ШЫҒЫП КЕТКЕН
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы – Бішкек тасжолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Lexus көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, екі адам ауруханаға жеткізілді», – делінген ақпаратта.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
«Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуды сұрайды», – деп қосты департамент өкілдері.