ЕрекшеЭкономика

Алматы Дженнифер Лопестің концертінен қанша табыс тапты

Алматыда Дженнифер Лопестің концертін ұйымдастырғандар қорытынды жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Орталық стадионда өткен ауқымды шоуға 27 мың көрермен жиналған. Олардың шамамен 7 мыңы 35 елден келген. Олардың ішінде көршілес ТМД мемлекеттерінен бастап, АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Ұлыбритания және Франция азаматтары бар

Билеттердің бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін болды. Алдын ала есеп бойынша, концерт қорытындысы бойынша төленген салықтардың жалпы сомасы шамамен 600 млн теңгені құрайды.

Дженнифер Лопестің турының бас режиссері Кристиан Ламб, ол алты апта бойы шоуға жетекшілік еткен және Алматы, Астана, Ташкент қалаларында жұмыс істеген техникалық директор Григорий Антропов алматылық алаңды дайындау деңгейі барлық қалалардың ішінде ең үздік болғанын атап өтіп, жоғары бағасын берді.

Back to top button