
Астанада Президенттің бұрынғы кеңесшісі, Мемлекет басшысы жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің экс-басшысы Ержан Бабақұмаров қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне себеп — соққыдан алған жарақаттар болған. Күдікті ұсталды.
Қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан алған дене жарақаттарынан Бабақұмаров көз жұмған.