ЕрекшеЖаңалықтар

Алғабастағы өрттен зардап шеккен азамат Шымкентке жеткізілді

Түркістан облысының Алғабас ауылында болған өрттен күйік жарақатын алған 39 жастағы ер адам Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТЖД мәліметінше, тасымалдау Түркістан облыстық ауруханасы Шымкентте орналасқанына және Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтың жеткіліксіз болуына байланысты қажетті шара болған. Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, науқасты Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді.

Тікұшақ қонған соң зардап шегуші арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына берілді.

Back to top button