Алексей Цой Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Алексей Цой 1977 жылғы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын тәмамдады. 2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми медицина орталығында, сондай-ақ «Данекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтында білім алды. 2015 жылы – «Алматы Менеджмент университетін», 2016 жылы – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Лондондағы Sells College-ті аяқтады. Сонымен қатар Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және басқа да елдерде кәсіби тағылымдамадан өткен.
Медицина ғылымдарының кандидаты (PhD), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA).
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2002–2007 жылдары – Ұлттық ғылыми медицина орталығы мен Республикалық клиникалық аурухананың эндоскопия бөлімінде дәрігер, аға ғылыми қызметкер, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік медицина академиясының аспиранты;
2008–2009 жылдары – Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры;
2010–2011 жылдары – Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының бастығы;
2011–2014 жылдары – №1 қалалық аурухананың бас дәрігері;
2014–2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
2017–2019 жылдары – Денсаулық сақтау вице-министрі;
2019–2020 жылдары – Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы;
2020 жылы – Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі;
2020–2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
2022 жылғы 31 қазаннан бастап – Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы қызметін атқарды.