19 жастағы Риддер қаласының тумасы, спортшы Сергей Веселов 27 маусым күні Медина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
СОТ НЕШЕ ЖЫЛ БЕРДІ
Жергілікті сот оны кінәлі деп танып, бір жылға түрмеге қамау жазасын тағайындады. Сотта Веселовты мемлекет тарапынан тағайындалған адвокат қорғады.
«Веселовтың ісі Сауд Арабиясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралды. Қазақстан Республикасының консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста болып, сотталған адамның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан. Вена конвенциясына сәйкес, Веселовқа аудармашы беріліп, консулдық көмек алу мүмкіндігі берілді», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі «Орда» редакциясына берген ақпаратында.
Сергей Веселов – пауэрлифтингтен Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы.