ЕрекшеЖаңалықтар
Актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
Актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғанын сүйіншіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді”, – деп жазба қалдырған актер дәлел ретінде фотосын көрсетті.

Актер Еркебұлан Тоқтар елге белгілі бірнеше фильмімен танымал. Ол сонымен қатар, аралас жекпе-жекке жиі шығады.