ЕрекшеЖаңалықтар
Ақмола облысында 14 жастағы қызды пышақтап өлтірген: күдікті қашып жүр

Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның Целиноград ауданы Ынтымақ ауылында болғанын хабарлайды, деп жазады Tizgin.kz.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
“Күдіктінің жеке басы дереу анықталған. Қазір оны тез арада ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған”, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Тергеу мүддесіне байланысты құзырлы орган өзге ақпаратты жария етпеді. Полиция департементі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға шақырады.