Aitu мессенджеріне кім иелік етеді
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев қазақстандық Aitu мессенджерінің кімге тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ақорда кулуарында журналистер мессенджердің кімге тиесілі екенін сұраған. Министрдің сөзінше, акционерлердің бірі – «Қазақтелеком» компаниясы.
«Білесіздер ме, мұнда мәселе оның кімге тиесілігінде емес. Негізгі сұрақ – ұлттық мүдделерді сақтау және ілгерілету», – деді министр.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер кейбір платформалар мен қосымшаларды шамадан тыс пайдаланады.
«Біз барлық мессенджерді тыйым салу керек деп отырған жоқпыз. Біз айтып отырғанымыз – мемлекеттік қызметте қолданылатын қызметтік ақпаратқа байланысты киберқауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі», – деді Мадиев.
Бастапқыда отандық Aitu мессенджері қарапайым қарым-қатынасқа арналған қосымша ретінде ойластырылған. Алайда 11 тамызда Қазақстан президенті жасанды интеллектті дамыту жөніндегі жиында үкіметке жеке деректерді қамтитын барлық коммуникацияны «қорғалған ұлттық мессенджерге» көшіруді тапсырды.
Ертеңінде премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізіп, онда барлық мемлекеттік органдар отандық Aitu платформасына көшетіні белгілі болды. Кейін бұл көшу 15 қыркүйекке дейін жүзеге асуы тиіс екені хабарланды.