ЕрекшеЖаңалықтар
Air Astana Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты рейс бағыттарын өзгертеді

Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдары өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Нақтырақ айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.
“Air Astana жағдайды мұқият бақылайды. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады”, – делінген хабарламада.
Байланыс үшін:
- Брондау және ақпарат орталығы: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77
- Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78
- WhatsApp: +7 702 702 00 74.