Аида Балаеваның лауазымы өсті
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Аида Балаеваның өмірбаяны
1999–2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы.
2002–2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси үдерістерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы.
2004 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары – Алматы қаласы ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің басшысы.
2004–2005 жылдары – Алматы қаласы ақпарат басқармасы басшысының орынбасары.
2005–2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006–2008 жылдары – Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің директоры.
2008–2010 жылдары – Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2010–2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019–2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022 жылғы 11 қаңтар – 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2022 жылғы 18 мамырдан бастап – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі.