ЕрекшеҚоғам

Әуелі министрлер мен депутаттардың балаларын армияға жіберу керек – Ринат Зайыт

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт әскердегі сарбаз өлімін тоқтату үшін ең әуелі армияға шенеуніктердің балаларын жіберу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кейінгі бір аптада әскерде екі сарбаз қаза болды. Екі жағдайда да (ШҚО мен Жамбыл облысы) сарбаздар ресми мәлімет бойынша “өз-өзіне оқ атқан”. Бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екінші жерден қаралы хабар жетіп жатыр.

“Егер әскердегі сарбаздар тек жарғымен жүрсе, олардың бір-біріне тиісіп, қысастық көрсетуіне уақыты да, шамасы да болмас еді. Біздегі бей-берекеттік жарғының орындалмауынан болып жатыр деп ойлаймын”, – деді ол.

Әскердегі өлімді қалай тоқтатуға болады деген сұраққа депутат Ринат Зайыт әуелі әскери жарғыны күшейту керек деп жауап берді. Сондай-ақ министрлер мен депутаттардың балаларын армияға баруға мәжбүрлеу керек деп санайды

Back to top button