ЕрекшеОқиға

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды: оқиға Жамбыл облысында тіркелді

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде жарақат алған мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған факт бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

“Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында. Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты”, – делінген БП таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылған. Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы алқа мәжілісінде қаралады.

Back to top button