Без рубрики

АЭС құрылысына қарсы бес белсендіге үкім шықты: олар сот залынан босатылды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы шыққан бес белсендіге үкім шықты. Сот оларға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындады, деп жазады Tizgin.kz. 

Сот шешімімен сотталушылардың бесеуі де қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығы шектелді. Олар пробациалық бақылауда болады. Белсенділерге бес жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды. Барлығы сот залынан босатылды.

Белсенділер Жанат Қазақбай, Нұрлан Жаулыбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараков сот залынан босатылды. Бесеуі АЭС құрылысына қатысты референдум қарсаңында Алматыда ұсталған. Әуелі 12 адам ұсталғанымен, жетеуі қолхатпен босатылған.

Back to top button