Ерекше

Әлімханұлына қатысты допинг дауы не болып жатыр – министр жауап берді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданған болуы мүмкін деген жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ЕКІНШІ СЫНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫН КҮТЕДІ

Министр алдымен маңызды жекпе-жек алдында осындай жағдай болғанына өкініш білдірді.

Алайда екінші сынама қорытындысы шығады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынама нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпарат содан кейін жарияланады, – деді Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында.

Допинг расталған жағдайда қандай салдар болуы мүмкін деген сұраққа жауап берген министр түпкілікті шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік пен Халықаралық бокс ұйымы қабылдайтынын атап өтті.

МӘН-ЖАЙЫ

Еске сала кетейік, желтоқсанның басында Жәнібек Әлімханұлының қараша айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін біріктіру жекпе-жегіне дайындық барысында алынған А допинг-сынамасы тыйым салынған мельдоний препаратына оң нәтиже көрсеткені белгілі болған еді.

Осыған байланысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы арнайы мәлімдеме жасады. Ал Әлімханұлының командасы боксшы допинг қолданды деген айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

Back to top button